Андрей Слепнев БАӘ Сыртқы сауда мемлекеттік министрі Тани бин Ахмед Аль Зайудимен экономикалық әріптестік туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтауды талқылады
20.08.2024

20 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы сауда мемлекеттік министрі Тани бин Ахмед Аль Зайудимен бейнеконференция форматындағы кездесуі болып өтті.

"Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің негізгі мәселелері талқыланды, олардың шешімі келіссөз процесінің тез арада субстантивті аяқталуына ықпал ететін болады", – деп атап өтті Андрей Слепнев.

БАӘ-мен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылғы желтоқсанда қабылдады. Бүгінгі сәтке дейін келіссөздің үш раунды болып өтті.