Андрей Слепнев Иран өкілдерімен өзара сауданы дамыту мәселелерін талқылады
02.10.2026

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Минскіде өткен "Иннопром. Беларусь" халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің алаңдарында Иран Ислам Республикасының Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мохаммад Дехнавимен кездесу өткізді.


Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісім шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ қазан айының ортасында Тегеранда өткізуге жоспарланған бірлескен комитеттің екінші отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Тауарлардың бір-бірінің нарықтарына жеткізілу проблемаларына, соның ішінде саудадағы техникалық тосқауылдарды жоюға айрықша назар аударылды. Бұдан басқа, тараптар ЕАЭО мен Иранның іскерлік қоғамдастықтарының өзара іс-қимылын тереңдетуге, соның ішінде тұрақты жұмыс істейтін Бизнес-диалог құру арқылы тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.

ЕАЭО-Иран бірлескен комитетінің екінші отырысы шеңберінде Еркін сауда туралы келісімді, сондай-ақ орта мерзімді перспективаға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың ағымдағы мәселелері талқыланатын болады.