Жаңалықтар

19.01.2023 (Обновлено: 24.01.2023 14:34)

Андрей Слепнев Тегеранда Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтау мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Тегеранға екі күндік сапары аяқталды, оның басты мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздердің негізгі мәселелерін делегациялар басшысы деңгейінде қарау болды. Иран тарапынан келіссөз делегациясын Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының басшысы Алиреза Пейман Пак басқарды.

Келіссөздері аяқтау және келісімге қол қою үшін қажетті уағдаластықтардың модалдылығы қаралды. Аграрлық өнімнің жекелеген санатының нарыққа өзара қол жеткізуін талқылауды жалғастыру бойынша уағдаласуды қоспағанда, барлық мәселе келісілді.

Кездесу қорытындысы бойынша сөз сөйлеген Андрей Слепнев Иранмен ынтымақтастықты дамытудың жоғары серпінін атап көрсетті. 2021 жылы ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымы 74% өсті, ал 2022 жылдың алғашқы 10 айы ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңіне қатысты алғанда тағы да 25% өсті.

«Көлік, өнеркәсіптегі кооперация, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы, сондай-ақ басқа да салалардағы ұзақ мерзімді өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту перспективалары әсерге бөлейді. Болашақ келісім бұл бірлескен жоспарларды берік шарттық негізге келтіруге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. 

Сапар барысында Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мехди Сафаримен де кездесу болып өтті. ЕАЭО мен Иранның экономикалық өзара іс-қимылының негіздерін нығайту жөніндегі алдағы ықтимал қадамдар талқыланды.

Бұдан басқа, Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің бсшыларымен кездесті.