ЕЭК
/
Жаңалықтар
/
Андрей Слепнев: "ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу бойынша тәсілдемелерді дамыту және іске асыру жөніндегі орташа мерзімді жоспарды қарайды"
Андрей Слепнев: "ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу бойынша тәсілдемелерді дамыту және іске асыру жөніндегі орташа мерзімді жоспарды қарайды"
15.07.2025
2024 жылы Үкімет басшылары мақұлдаған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу бойынша тәсілдемелерді дамыту және іске асыру жөніндегі бес жылдық жоспар тамыз айының ортасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынылатын болады.
"Атап айтқанда, көміртегін реттеу саласындағы мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ валидация және верификация жөніндегі тиісті органдарды аккредиттеуге орайлас келісілген шешімдерді әзірлеу ұсынылады", — деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Сондай-ақ, ЕЭК министрінің сөзінше, Одақ шеңберінде оның мүше мемлекеттерінің климаттық реттеуінен туындаған тосқауылдарды болдырмау және саудаға байланысты климаттық шаралар бойынша үшінші әріптес елдермен өзара іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау туралы сөз болады.
Үкімет басшылары мақұлдағаннан кейін ұсынылатын іс-шаралар ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" іс-шаралар жоспарына енгізілетін болады.