Жаңалықтар

29.09.2022 (Обновлено: 06.10.2022 13:18)

Андрей Слепнев Ресей бизнесін Иран және Мысыр нарықтарына белсендірек шығуға шақырды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының интеграция, сауда-кеден саясаты және ДСҰ жөніндегі комитетінің РӨКО басқармасы бюросының мүшесі Алексей Мордашовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысына қатысты.

Күн тәртібі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақта тариф саясатын дамыту перспективалары туралы, үшінші елдермен жаңа сауда келісімдерін жасау жөніндегі келіссөздердің барысы туралы, сондай-ақ ЕАЭО-ның ішкі нарығын қорғауға орайлас тәсілдемелер туралы мәселелер қаралды.

"Иранмен және Мысырмен еркін сауда туралы келісімдер жасау жөніндегі келіссөздер бүгінде ілгерімпаз сатысында тұр. Кәсіпкерлер қоғамдастығын ашылған мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға және мүмкін болғанынша осы өңірдің нарықтарына белсендірек шығуға шақырамыз",- деп қайырылды Андрей Слепнев кездесуге қатысушыларға.