Андрей Слепнев Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоялмен келіссөз жүргізді
16.09.2025

Нью-Делиде (Үндістан) болып өткен кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Үндістан Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоял Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан арасында жедел форматта еркін сауда туралы тиімді келіссөздер жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған жол картасы келісілгенін атап өтті.


Тараптар сондай-ақ келіссөздердің осы жылдың қараша айының басында Үндістанда өтетін бірінші раундына және болашақ мәміленің түйінді мәселелерін қарастыруға арналған тәсілдемені келісті. Бұл ретте одан бұрын Комиссияның үнділік әріптестермен және ЕАЭО мемлекеттерімен белсенді консультациялары өтетін болады.

Министрлер келіссөздерге жан-жақты қолдау көрсету үшін тұрақты байланысу туралы уағдаласты.