Андрей Слепнев Ресей Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Алексей Гордеевпен жұмыс кездесуін өткізді
14.10.2025
14 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөнідегі министрі Андрей Слепневтің Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Алексей Гордеевпен жұмыс кездесуі болып өтті.

Тараптар Еуразиялық экономикалық комиссияның үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер желісін дамыту жөніндегі, соның ішінде 2025 жылғы жазда қол қойылған Біріккен Араб Әмірліктерімен Экономикалық әріптестік туралы келісімнің және Моңғолиямен Уақытша сауда келісімінің күшіне енуі үшін қажетті ағымдағы ратификациялау рәсімдеріне орай жүргізіп жатқан жұмысын талқылады.

"Комиссия Ресейдің заң шығарушы билігімен өзара іс-қимылдың Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы әріптестермен көп векторлы экономикалық ынтымақтастығын нығайтудың маңызды факторы болып табылатын дәстүрлі жоғары деңгейін айрықша бағалайды", — деп атап өтті ЕЭК министрі.