Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Андрей Слепнев: «Сауда күн тәртібін іске асыру ЕАЭО кеңістігінде көлік дәліздері үшін тауар ағынын құрайды»
Андрей Слепнев: «Сауда күн тәртібін іске асыру ЕАЭО кеңістігінде көлік дәліздері үшін тауар ағынын құрайды»
02.12.2021
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Екінші Еуразиялық конгресс шеңберінде «Батыс-Шығыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәліздері: даму, экспорт, интеграция» сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Ол қазір маршруттардың дамуына серпім беруге қабілетті көптеген жаңа факторлар пайда болғанын атап өтті. 2020 жылы «Қытай-ЕО» бағытындағы контейнерлік транзит қана 60%-дан астам өсті және өсуін жалғастыруда.Андрей Слепнев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің таяуда Чолпон-Атада өткен отырысында теміржол көлік дәліздерін цифрландырудың жол картасы қабылданғанын еске салып өтті. Негізгі іс-шараларды алдағы жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр, осыдан кейін тауардың ілеспе құжаттары, жүк және рұқсат ету құжаттары толық цифрландыруға көшіріледі.
«Үй жұмысынан» бөлек, ЕАЭО ішінде сыртқы әріптестермен толық мәніндегі өзара іс-қимылды қаматамасыз ету қажет. Атап айтқанда, бұл мәселе ҚХР-мен қолданыстағы келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитет шеңберінде желтоқсанның аяғында Қытаймен талқыланады. «Қатынастарымыздың өзіндік өзгешелігіне қарамастан, Еуропа тарапы да осы бөлікте кооперацияға дайын: фин бағытында жақсы нәтижелер бар», — деп толықтырды Андрей Слепнев.
Министр бұған қосымша «ковидке қарсы» саясатқа байланысты шаралар ЕАЭО-ның агроазық-түлік жеткізілімдеріне әсер етпеуі үшін «сенім дәлізін» ұйымдастыру жөніндегі ҚХР-мен жұмысты бөліп көрсетті.
«Біз «Қытай — Еуропа» маршрутында игеріп жатқан цифрлық көлік дәліздері басқа да ойыншыларды тартуда. Мен Өзбекстан Президентінің жүйеге байқаушы мемлекет ретінде қосылу туралы бастамасына назар аударғым келеді», — деп хабарлады Андрей Слепнев.
«Солтүстік-Оңтүстік» маршруты бөлігінде ол Иранмен толық форматты сауда келісімі бойынша келіссөздердің тез ілгерілеуін атап өтті. Келісімдегі түйінді тақырыптардың бірі — келешекте, онымен де еркін сауда талқыланып жатқан, Үндістанға шығатын көлік болып табылады.
«Бүгінде халқының жалпы саны 280 млн адамды және ЖІӨ 750 млрд АҚШ долл.құрайтын елдермен сауда келісімдеріміз бар. Егер Индонезияны, Мысырды, Моңғолияны, Иранды және Үндістанды қоса, келіссөздер күн тәртібін іске асыратын болсақ, жиынтығында ЖІӨ 5 трлн АҚШ долл.асатын 2 млрд жуық адам болады. Бұл елеулі экономикалар, олар ауқымды тауар ағынын тудырады», — деп қорытындылады Андрей Слепнев.
Сессия жұмысына Ресей Федерациясының вице-премьері Марат Хуснуллин, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Николай Подгузов, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, Ресей Федералдық кеден қызметі басшысының бірінші орынбасары Руслан Давыдов, ССБ банкі басқармасының төрағасы Андрей Костин, «РТЖ» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары Сергей Павлов, Белорус теміржолының бастығы Владимир Морозов қатысты. Пікірсайыстың модераторы Мемлекеттік көлік лизингі компаниясының бас директоры Евгений Дитрих болды.