Жаңалықтар

20.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 17:17)

Андрей Слепнев: «ЕАЭО-ның сауда келісімдері Арменияны сыртқы нарықтарға ілгерілетуге ықпал етеді»

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Ереванда өткен «Еуразиялық әріптестік: экономикалық өсудің жаңа нүктелері» Ресей-Армян бизнес-диалогының жалпы сессиясында мәлімдеді.

«Арменияның үшінші елдермен саудасына келсек, әлемдегі – турбуленттік және жаһандық дағдарысты құбылыстармен сипатталатын жайсыздау экономикалық жағдаятқа қарамастан, 2022 жылдың І жарты жылдығында тауар айналымы 42,9%, экспорт 31,5%, ал импорт 51,3% өсті. Одақтың Иран, Вьетнам, Үндістан, Мысыр сияқты қарымды сауда-экономикалық әріптестерімен Арменияның саудасы қарышты өсуде: Иранмен сауда 37,3%, Мысырмен 3,9 есе, Вьетнаммен 2,4 есе, Үндістанмен 61,3% артты», – деп атап өтті ол.

Андрей Слепневтің пікірінше, әлемнің сауда картасының және экономикалық өзара іс-қимыл картасының өзгерістерін ескере келгенде, бұл елдерге ашылған мүмкіндіктер тұрғысынан қараған айрықша маңызды. Еуразиялық экономикалық одақтың бұл жерде оқшауланып қалған емес, Еуразияның орталығында тұрған, шын мәнінде оның негізін құрайтын, өте сұранысты әріптес екені айқын.

 

«Біздің сұранысты болуымыз – көп факторлы: бұл шикізат ресурстары, сондай-ақ көздерді әртараптандыру мен орнықтылықты қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты барлық нәрселер, бұл құрлықтағы дәліздерді дамыта келгендегі көлік-логистика мүмкіндіктері, бұл технологияларға байланысты мүмкіндіктер», – деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Бұл тұрғыда ол ЕАЭО кеңістігінде имплементтелген климаттық технологиялар банкі қазірдің өзінде дайындалған климаттық күн тәртібі шеңберіндегі өзара іс-қимылға жеке тоқталды.

Андрей Слепнев Иранмен еркін сауда туралы толық форматты келісім және импорт алмастыру мен технологиялық егемендік саласында ашылатын перспективалар бойынша ЕЭК-тің белсенді жұмысы жайында хабардар етті, Үндістанмен келіссөздер процесіне тоқталды. Министр «Солтүстік – Оңтүстік» трегі бойынша өзара іс-қимыл көлік дәлізін дамытудан әлдеқайда кең екенін, бәрінен бұрын, тұтастай экономикалық ынтымақтастық туралы сөз болып отырғанын атап көрсетті. «Егер біз есептеулер, логистика, сауда, тосқауылдар мен технологиялар мәселесін бір үстелдің басында шеше алатын экономикалық дәліз құра алсақ, бұл – дұрыс тәсілдеме болады», – деп сенім білдірді ол.

Бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын басқа да бағыттарға қатысты айта келіп, Андрей Слепнев келіссөздің кезекті раунды қазан айының басында болатын Мысырды бөліп көрсетті. ЕЭК ол аяқталған соң болашақ мәміленің тірегін беркітіп қоюға қол жетеді деп санайды. Ал Мысыр Одақ елдерінің компаниялары үшін орасан әлеует ұсына отырып, өзін Африкаға және араб әлеміне енетін қақпа ретінде көрсетеді.

«Егер бұрын көпшілік ЕАЭО жайында саясаткерлер құрған құрылым деп айтып келсе, енді бүгін Одақтың бизнес тарапынан сұранысты болуы күрт өсіп отыр. Компаниялар өздерінің өндірістік қуаттарын әртараптандыруды жүргізіп, өздерінің корпоративтік стратегияларын іске асыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді белсенді пайдалана бастайды, сондай-ақ кооперация туралы сөз болады. Осы жолда біз ЕАЭО-ны дамыту стратегиясының өсе түскен өзгерістерге қаншалықты барабар келетінін ойластыруымыз керек. Оны одан әрі дамыту туралы ойлау керек болатын шығар», – деп бағамдады Андрей Слепнев.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян жалпы сессия барысында ЕАЭО-ның ішкі нарығында кедергілердің пайда болуының бастапқы себептерімен күрестің маңызды құралы ретінде Еуразиялық инвестициялық жоспардың тұжырымдамасын ұсынды.

 

«Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуінің тривиалды емес мәселелеріне, дәлірек айтқанда, ішкі бәсекелестік пен ұлттық қолдампаздыққа қалай жол бермеу керек, үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығуды қалай қамтамасыз ету керек деген сұрақтарға жауап іздеуде біз Еуразиялық инвестициялық жоспардың тұжырымдамасын қалыптастырдық. Біз әзірлеп отырған шоғырландыру жоспары бірден бірнеше аса маңызды мақсатты көздейді: біріншісі және ең бастысы – Одақтың ішкі нарығының кедергісіз орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, екіншісі – басымдықты бағыттар бойынша ЕАЭО кеңістігінде инвестициялар көлемін ұлғайту, үшіншісі – бәсекеге қабілеттілікті және сыртқы ықпал ету факторларынан тәуелсіздікті арттыру және төртінші, стратегиялық мақсат – ЕАЭО-да ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қолдауды қамтамасыз ету», – деп атап өтті Варос Симонян.

Сессия шеңберінде сондай-ақ ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян, Армения Республикасының Экономика министрі Ваган Керобян, Армения Республикасы Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Геворг Манташян, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Груздев және РФ.СЭБ. төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Даниил Алгульян сөз сөйледі.

Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян қатысушыларға ілтифат лебізімен қайырылды. Пікірсайыстың модераторы «Россотрудничество» басшысы Евгений Примаков болды.