Андрей Слепнев Пәкістаннің Елшісі Файсал Ниаз Тирмизимен кездесті
23.01.2026

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Пәкістан Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы жақында жұмысқа кіріскен Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ниаз Тирмизимен кездесу өткізді.


Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Пәкістанның сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Пәкістан тарапы Еуразиялық "бестік" мемлекеттерімен іскерлік өзара іс-қимылды ұлғайтуға және сауданы кеңейтуге деген жоғары мүдделілікті атап өтті.

"Біздің елдеріміз арасындағы сауда белсенді дамып келеді, бірақ біздің көзқарасымыз бойынша, оның ағымдағы көлемі Пәкістан мен ЕАЭО елдері экономикасының ауқымына сәйкес келе бермейді және айтарлықтай кеңейтілуі мүмкін", – деп атап көрсетті Андрей Слепнев.

Пәкістан халық саны бойынша әлемдегі бесінші ел (шамамен 250 миллион адам). 2020-2024 жылдары Пәкістан мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 10% артты.