Әзербайжаннан және ҚХР-дан әкелінетін алюминий таспаға арналған демпингке қарсы баж қайталап тергеп-тексеру уақытына орай ұзартылды
14.10.2025

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Әзербайжан Республикасында және Қытай Халық Республикасында шығарылатын алюминий таспаға қатысты демпингке қарсы бажды қоса алғанда 2026 жылғы 29 маусымға дейін ұзартты.

Қолданылатын шараның мерзімі 2025 жылғы 23 қазанда аяқталуға тиіс еді. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің атына арыз келіп түсіп, оны қарау нәтижелері бойынша 2025 жылғы 30 маусымда демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды.

ЕЭК сауда блогында: "ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс" екендігін еске салды.

Әзербайжаннан және ҚХР-дан әкелінетін алюминий таспасына қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 115 шешіміне сәйкес белгіленген болатын. Баж мөлшері Әзербайжаннан шыққан алюминий таспаға қатысты кедендік құнның 16,18%-ын және ҚХР-дан шыққан алюминий таспаға қатысты кедендік құнның 13,14%-ын құрайды.