Жаңалықтар

08.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 15:14)

Украинадан әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған жіксіз құбырларға арналған демпингке қарсы баж бес жылға ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Украинада шығарылатын, коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баждың күшін бес жыл мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдады.

Шешім Ішкі нарықты қорғау департаментінің шараның қолданылу мерзімі өтуіне байланысты ЕАЭО-ның «Челябинск трубопрокат зауыты» ЖарАҚ, «Первоуральск Жаңа құбыр зауыты» АҚ, «Волжск құбыр зауыты» АҚ және «ТМК-ИНОКС» ЖШҚ сияқты өндірушілердің арыздары негізінде 2020 жылғы 19 қазанда бастаған демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеруінің қорытындылары бойынша қабылданды

Тергеп-тексеру барысында алынған талдау тауардың демпингтік импортын жалғастырудың ықтималдығы және демпингке қарсы шараның күшін тоқтатқан жағдайда ЕАЭО экономикасының саласына нұқсан келуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
«Біздің тот баспайтын құбыр өндірушілеріміз жеткілікті көлемде өндірістік қуаттарға ие және ішкі сұранысты толық қанағаттандыруға қабілетті екенін атап өткім келеді. Бұл орайда тұтынушы үшін қатер жоқ, нарық өзін тұрақты сезінеді. Алайда шараның күшін тоқтатқан жағдайда бұл тұрақтылық бұзылатын болады»,- атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Сонымен бірге ол Комиссияның тот баспайтын болаттан жасалған жіксіз құбырлар бағасының деңгейіне күрт ауытқулар жағдайында жедел ден қою мүмкіндігі болуы үшін мониторинг жүргізетінін атап өтті.


Анықтама

Украинада шығарылатын, коррозияға төзімді болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты кедендік құннан 4,32%-дан 18,96%-ға дейінгі мөлшерде демпингке қарсы баж ЕЭК Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 шешімімен бес жыл мерзімге белгіленген болатын. Демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде демпингке қарсы шараның күші ЕЭК Алқасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 185 шешімімен ұзартылды.