Украинада шығарылған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж қайталап тергеп-тексеру уақытына ұзартылды
07.07.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Украинада шығарылған коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды 2027 жылғы 29 сәуірге дейін ұзартты. 

Қолданылатын шараның мерзімі 2026 жылғы 6 қыркүйекте аяқталуы керек еді. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің атына өтініш келіп түсті, оны қарау нәтижелері бойынша 2026 жылғы 30 сәуірде демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды.

ЕЭК сауда блогында: "ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс" екендігін еске салды.

Украинада шығарылатын коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж түріндегі демпингке қарсы шара Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 шешіміне сәйкес қолданылады. Баж мөлшері өндіруші компанияға байланысты кедендік құнның 4,32-ден 18,96%-на дейін құрайды.