Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасында шығарылған жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы бажды 2026 жылғы 13 қарашаға дейін сол күнді қоса ала отырып ұзартты.
Қолданылатын шараның мерзімі 2026 жылғы 29 маусымда аяқталуы керек еді. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау Департаментінің атына өтініш келіп түсіп, оны қарау нәтижелері бойынша 2025 жылғы 14 қарашада демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды.
ЕЭК сауда блогында: "ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс" екендігін еске салды.
ҚХР-да шығарылған жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы баж нысанындағы демпингке қарсы шара Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 шешіміне сәйкес қолданылады. Баж мөлшері өндіруші компанияға байланысты кедендік құнның 14,79-дан 35,35%-на дейін құрайды.