Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасында шығарылатын мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалануға қолданылатын жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды 2026 жылғы 21 желтоқсанға дейін осы күнді кірістіре санап ұзартты.
Қолданылатын шараның мерзімі 2026 жылғы 26 сәуірде аяқталуға тиіс-ті. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің атына өтініш келіп түсіп, оны қарау нәтижелері бойынша 2025 жылғы 22 желтоқсанда демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды.
ЕЭК сауда блогында: "ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс" екендігін еске салды.
ҚХР-да шығарылатын мұнай-газ кәсіпшілігі құбырларына қатысты демпингке қарсы баж және баға міндеттемелері нысанындағы демпингке қарсы шара Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешіміне сәйкес қолданылады. Баж мөлшері өндірушіге байланысты кедендік құнның 12,23%-ынан 31%-на дейін.