ҚХР-да және Украинада шығарылатын мырышталған прокатқа демпингке қарсы баж қайталап тергеп-тексеру уақытына орай ұзартылды
19.11.2024

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ҚХР-да және Украинада шығарылатын мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы бажды кірістіре санағанда 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты.

Қолданылатын шара мерзімі 2025 жылғы 5 қаңтарда аяқталуға тиіс болатын. Алайда ЕЭК-тің Ішкі нарықты қорғау департаментінің атына өтініш келіп түсіп, оны қарау нәтижелері бойынша 2024 жылғы 2 қыркүйекте демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды.

ЕЭК сауда блогында: «ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс» екендігін еске салды.
ҚХР-да және Украинада шығарылатын мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімімен белгіленген. ҚХР-да шығарылатын прокатқа арналған баждың мөлшері өндірушісіне байланысты кедендік құнның 12,69%-ынан 17%-ына дейін, Украинада шығарылатын прокатқа арналған баж кедендік құнның 23,9%-ын құрайды. Бұдан басқа, № 209 шешіммен қытайлық бірқатар компанияның баға міндеттемелері мақұлданданды.