Жаңалықтар

08.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 15:21)

Арман Шаққалиев: «Қатысушы елдердің монополияға қарсы органдары қатыспаса, ЕАЭО кеңістігінде интеграциялық процестерді тереңдету әрі тиімді дамыту мүмкін емес»

Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің (МРСМ) құрылғанына бес толуына арналған «Монополияға қарсы реттеу: мемлекет пен қоғам мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету» халықаралық конференциясына қатысушылар 7 қыркүйекте ЕЭК пен Одақ елдері монополияға қарсы ведомстволарының өзара іс-қимылының мәселелерін талқылады.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев Беларусь МРСМ-нің ЕАЭО-ның құқықтық базасын қалыптастыру мен жетілдіруге, трансшекаралардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізетін істерді тергеп-тексеруге белсене қатысатынын атап өтті. МРСМ-нің және ЕАЭО елдерінің басқа да уәкілетті органдарының қолдауымен Еуразиялық одақтың мемлекеттік сатып алу нарықтарындағы шектеулер ойдағыдай алып тасталуда, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін өсудің жаңа мүмкіндіктері ашылуда.

«Бірлескен күш-жігермен біз өткен жылдың соңында ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп салалары үшін қажетті мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың шығарылған елін айқындаудың жалпы қағидалары туралы акт қабылдадық. Қазір Беларусьтің және Одақтың басқа елдерінің өндіруші кәсіпорындары Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне белсене қосылуда»,- деп атап көрсетті Арман Шаққалиев.

Қағидаларды іске асыру үшін Комиссия осы жылғы сәуірде өзіне меншікті ақпарат ресурсын – Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлардың цифрлық тізілімін іске қосты. Ол ЕЭК сайтына орналастырылған және бүгінгі таңда ЕАЭО мемлекеттерінің 35 өндірушісінің 3773 тауарын өзіне кірістіріп отыр.

ЕЭК министрі Комиссия мен ЕАЭО елдері монополияға қарсы органдарының бірлескен жұмысының негізгі бағыттарының бірі – бизнеспен тікелей өзара іс-қимыл орнату болып табылатынын атап көрсетті.

«Кәсіпкерлердің мұқтаждығына тиімді ден қою үшін біз ұлттық қызметтермен бірлесіп бизнеспен коммуникацияның барлық құралын пайдаланамыз. Кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер ұйымдастырамыз, тұрақты онлайн қоғамдық қабылдау ұйымдастырып, олардың барысында сұрақтарға жедел жауап береміз»,- деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Осы жылғы маусымда Брестте МРСМ-нің және ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының жәрдемімен Комиссия Алқасы Төрағасы мен мүшелерінің Беларусь Республикасының кәсіпкерлік қоғамдастығымен кездесуі болып өтті, оның қорытындысы бойынша Одақ елдерінің өндірушілері үшін қажетті шешімдер қабылданды: мемлекеттік сатып алу үшін «автомобиль жасау» саласы бойынша өндірістің шарттары бекітілді, ЕАЭО кәсіпорындары өндірісінің шарттарын әзірлеуге мүдделілік білдірген тауарлар тізбесі мақұлданды.

Бәсекелестік ведомстволарының алдында тұрған міндеттердің бірі ретінде ЕЭК министрі тұтыну нарығында баға тұрақтылығын ұстап тұруды атады.

«МРСМ-нің, Комиссияның және ЕАЭО елдерінің барлық монополияға қарсы органдарының қызметі тұтынушылардың, әсіресе халықтың әлеуметтік жағынан осал жіктерінің құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазіргі постпандемиялық кезеңде бұл маңызды миссия»,- деп атап көрсетті министр.

Комиссия жекелеген мемлекеттердің бірқатар әлеуметтік маңызды тауарлар бойынша бағаны реттеу енгізуін мақұлдады.

«Біздің осы саладағы бірлескен іс-әрекетіміз тұтынушылар мен бизнестің мүдделерінің теңгерімін сақтауға бағытталған»,- деп түйіндеді Арман Шаққалиев.