Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян Халықаралық бәсекелестік желісінің (ХБЖ) адвокаттандыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі жұмыспен таныстырды.
Отырыста қазіргі заманғы жаһандық экономикадағы бәсекелестікті адвокаттандырудың ерекшеліктері, мемлекеттік сектордағы бәсекелесшіл саясатты ілгерілетудің үздік практикасы, бәсекелестік саласындағы шағын және орта бизнестің хабардарлығын арттыру мәселелері және бәсекелестікті адвокаттандыру саласындағы бірқатар өзекті тақырып талқыланды."ЕАЭО-да бәсекелестікті адвокаттандыру философиясы, соның ішінде, бәсекелестік жөніндегі ұлттық органдардың күш-жігерін ескере отырып құрылады. Біз бірлесе отырып бизнестің хабардарлығын арттырамыз және Одақ мемлекеттерінде бәсекелестік мәдениетін ілгерілетеміз", – деп атап өтті Армине Акопян.
ХБЖ адвокаттандыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына барлық континенттен және бірқатар халықаралық ұйымнан 20-дан астам елдің бәсекелестік органдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараны аталған жұмыс тобы Армения Республикасының Бәсекелестікті және тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясымен бірге ұйымдастырды.