Жаңалықтар

14.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 11:35)

Артак Камалян мен Ербол Қарашүкеев Одақ АӨК-тегі ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевтің кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік кешеніндегі интеграцияны дамыту перспективалары ортақ назарда болды.

Тараптар Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қойма куәліктерін шығару (беру), айналысы мен өтеу қағидалары туралы келісімге ағымдағы жылы қол қою жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу барысын талқылады.

«Бұл құжатты қабылдау бүгінгі күні ерекше өзектілікке ие, өйткені ауыл шаруашылығы өніміне арналған құжатсыз қойма куәліктерін өзара тану негізінде Одақ шеңберінде электрондық сауданы дамытуға, сондай-ақ қойма куәлігін кепілге қою арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кредиттердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай инфрақұрылым кейіннен үшінші елдердің субъектілерімен саудада да пайдаланылуы мүмкін», — деп атап өтті Артак Камалян. 

Кездесуге қатысушылар 2022 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлері саудасының индикативті (болжамды) көрсеткіштерін талқылады.

Министрлер ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің алдағы отырысы күн тәртібінің жобасын қарады, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақта органикалық өнімнің ортақ нарығын қалыптастыруға қатысты бірқатар мәселені талқылады

Анықтама

ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесі – ЕАЭО мемлекеттерінің келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыруына арналған көмекші орган. 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың 12-бабының 2-тармағының 22-тармақшасына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6 шешімімен құрылған.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі