Арзыбек Кожошев: "ЕАЭО интеллектуалды көлік жүйелерін ендіру жолымен белсенді түрде жүріп келеді"

29 қыркүйекте Мәскеуде "Ресейдің интеллектуалды көлік жүйелері. Көліктің цифрлық дәуірі " форумы шеңберінде "Интеллектуалды көлік жүйелерінің тиімділігі" пленарлық отырысы болып өтті, оның барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бейнеүндеумен сөз сөйледі.

 

ЕЭК министрі интеллектуалды көлік жүйелері (ИКЖ) ЕАЭО елдеріндегі жол-көлік инфрақұрылымының ажырамас бөлігіне айналғанын атап көрсетті.

"Сала жаңа кезеңге көшті: ИКЖ ендіру кезеңі өтті, енді жүйелер экономикалық жағынан орынды болуы және өлшенімді әлеуметтік-экономикалық нәтиже әкелуі үшін олардың тиімділігін бағалау тәсілдемелерін қайта ой елегінен өткізу талап етіледі. ЕАЭО шеңберінде ұлттық ИКЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірінші кезеңде бұл метеорологиялық және жол параметрлері туралы мәліметтермен алмасу, ал болашақта – тасымалдаушылар үшін ауа райы, кептеліс және ЖКО туралы стандартталған ақпараты бар бірыңғай ақпараттық кеңістік құру", – деп хабарлады Арзыбек Қожошев.

Сондай-ақ сарапшылар пленарлық отырыс шеңберінде кадрлық әлеуетті және цифрлық құзыреттерді дамыту мәселелерін, әсіресе үлкен деректермен жұмыс істеу дағдылары бөлігінде талқылады.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша форумның мемлекет, бизнес, ғылым және кәсіби қоғамдастық арасындағы сындарлы диалог құрудағы жүйелі рөлі атап өтілді.