Жаңалықтар

18.11.2022 (Обновлено: 01.12.2022 10:39)

Арзыбек Кожошев: «Тиімді әрі қауіпсіз транзиттік қатынас ЕАЭО елдерінің экономикалық бірлігін қамтамасыз етеді"

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бұл туралы 17 қарашада "2022 жылғы халықаралық көлік ынтымақтастығы.Жаңа бағыттар, трендтер, нәтижелер" тақырыбына арналған "Көлік аптасы" форумының жалпы пікірсайысы барысында мәлімдеді.

"Тиімді әрі қауіпсіз транзиттік қатынас ЕАЭО елдерінің экономикалық бірлігін қамтамасыз етуге қабілетті. Бүгінде бұл кәсіпорындар, сатып алушылар және жеткізушілер арасындағы сенімді өндірістік байланыстың кепілі, бұлардың мультимодалдық қағидаттарда жаңа логистикалық тізбектер жүйесіне қайта бағдарлануы маңызды",- деп атап өтті ЕЭК министрі Арзыбек Кожошев.

Сондай-ақ А.Кожошев ЕАЭО-да әкімшілік тосқауылдар проблемасы бар екендігі туралы хабардар етті. Алайда Комиссия Одақ елдерімен бірлесіп, бұларды жою жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.

Бұл ретте ЕАЭО-да альянсқа қатысушы елдердің аумақтары бойынша өтетін толық мәнді Еуразиялық құрлықтағы көпір құру туралы сеніммен айтуға болады, деп санайды А.Кожошев. Бұған ЕАЭО-ның жұмыс істеуінің бастапқы кезеңдерінде жүргізілген транзиттік әлеуетті іске асыру жөніндегі нысаналы жұмыс ықпал етті. Мәселен, біріздендірілген теміржол тарифтері және баға шектері шеңберінде теміржол ұйымдарының тарифтерді өзгерту мүмкіндігі белгіленген. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі рұқсат ету жүйесі ырықтандырылған, бес елдің ішкі шекараларында көліктік бақылаудың күші жойылған.

ЕЭК министрі сондай-ақ цифрлық технологиялардың ақпараттық тосқауылдарды азайтудың және жеткізілімдер тізбегінің әртүрлі қатысушылары арасында барынша үйлестіруді қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылатындығына назар аудара отырып, оларды дамыту туралы әңгімеледі.

Арзыбек Кожошев көлік блогының қатысуымен жұмыс жүргізіліп жатқан ЕАЭО-ның айтулы жобаларына назар аударды. Соның ішінде бұл - ЕАЭО елдері арасында, сол сияқты Қытайдың, Өзбекстанның және Иранның нарықтарына ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті тұрақты жөнелтуді қалыптастыруға арналған «Еуразиялық агроэкспресс». Бұл жоба бойынша жеткізілімдер көлемі жыл аяғына дейін жарты миллион тоннаға жуық құрайды. Айтулы жобалар арасында - жүктерді тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім, цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін дамыту бар.

Бұдан басқа, осы жылы басымдықты интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі бекітілді. Бұл жобаларды іске асыру 1210 км темір жолды электрлендіру жұмысын, 115 км жаңа және 902 км екінші темір жол құрылысын, 1000 км астам жаңа автожол құрылысын, 3000 км астам автожолды қайта құру және күрделі жөндеу жұмысын, автомобиль жолдарында екі көпірдің, екі өтпежолдың, бір үңгіржолдың құрылысын жүргізуге мүмкіндік береді. Сарапшылық бағалау бойынша, бұл ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін 5% арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттары ЕАЭО-да транзиттік тасымалдардың жалпы көлемінің үштен бірін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ 17 қарашада форум алаңында Еуразиялық экономикалық комиссия Федералдық көлік саласындағы қадағалау қызметімен ("Ространснадзор") бірлесіп ұйымдастырған "Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ИКАО тексерулерін жүргізу тәжірибесін алмасу" конференциясы өтті.

Іс-шараға авиациялық қауіпсіздік жөніндегі әкімшіліктердің басшылары, мүше мемлекеттердің халықаралық әуежайлары мен авиакомпанияларының өкілдері, бейінді құрылымдар мен институттардың мамандары, ИКАО сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Арзыбек Кожошев пен Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Игорь Чалик ЕАЭО-ның әрбір мемлекеті үшін авиациялық қауіпсіздік саласында ИКАО тексерулерінен өтудің маңыздылығын, сондай-ақ жүйелі тәжірибе алмасудың қажеттігін атап өтті.

Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері өз сөздерінде ИКАО-ның соңғы тексерулерінен өту туралы ақпаратпен бөлісті, нәтижелері, проблемалық жәйіттері және ұсынымдары туралы хабардар етті.

Конференция шеңберінде авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді, оның барысында ұйымдастырушылық мәселелері және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі топтың 2023 жылға арналған жоспарлары айқындалды.

Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды, онда конференцияға қатысушылар авиациялық қауіпсіздік саласында ИКАО тексерулеріне дайындалу мен өту жөнінде ақпаратпен алмасудың, ұлттық авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Жаһандық жоспарын практикаға ендіру жөніндегі қызметін үйлестірудің, сондай-ақ тұрақты және ротациялық негізде авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша конференция өткізудің орындылығымен келісті.