Арзыбек Кожошев: "Әуе көлігі қызметін көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру — ЕАЭО елдерінің экономикалық өсуінің маңызды факторы"
17.09.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бұл туралы 17 қыркүйекте Мәскеуде өтіп жатқан Network-2025 форумы алаңындағы "ЕАЭО орнықты авиациялық көлігі 2026-2035" халықаралық конференциясында мәлімдеді.

"ЕЭК бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруға, инфрақұрылымдық және әкімшілік тосқауылдарды жоюға, сондай-ақ логистиканың цифрлық трансформациясына аса мән береді. Комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп Еуразиялық кеңістікте әуе көлігі қызметін көрсетудің ортақ нарығын құру бойынша жұмыс істеуде", — деп атап өтті Арзыбек Қожошев.

Министр авиация саласын ұзақ мерзімді дамыту кешенді тұрғыда келуді және ЕАЭО елдерінің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын үндестіруді қоса, бірқатар өңірлік шараны ендіруді талап ететінін де айқындап айтты.

Іс-шара азаматтық авиацияны және оның мультимодальды құрамдас бөлігін тоғыстыра отырып, орнықты көліктің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарының, бизнес өкілдері мен сарапшылардың өзара іс-қимылының алаңына айналды.

Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының 2026 жылғы 1 қаңтардан басталатын 10 жылдық кезеңге арналған орнықты көлік жөніндегі бастамасына орайластырылған.