Арзыбек Кожошев пен Abu-Dhabi Ports компаниялар тобының бас директоры «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойынша тасымалды дамыту перспективаларын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Abu-Dhabi Ports компаниялар тобының бас директоры Мұхаммед Жұма Әл Шамисидің 2 қазанда Абу-Даби қаласындағы кездесуінде "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуға орай Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.



Арзыбек Кожошев атап өткендей, бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі жобасына қатысушы елдермен және Түркменстан мен Иран арқылы теміржолмен және одан әрі теңіз көлігімен Біріккен Араб Әмірліктеріне дейін және кері бағытта тауар тасымалдау жөнінде мүдделі тараптармен белсенді диалог жүргізуде.

ЕЭК министрінің сөзінше, "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің жоспарланған өткізу қабілетін 2030 жылға қарай 41-45 млн. тоннаға дейін өсіру мүмкіндігі бар.

Арзыбек Кожошев бұл ынтымақтастықтың барлық мүдделі тарап үшін жаңа сауда жолын әрі жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдіре келіп, "Біздің елдеріміздің үкімет басшылары мен теміржол көлігінің тасымалдаушылары Біріккен Араб Әмірліктері бағытында "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі бойынша, соның ішінде "Еуразиялық Агроэкспресс"жобасы шеңберінде тасымалдарды дамытуға мүдделі", - деп атап өтті.

Мұхаммед Жұма Әл Шамиси өз кезегінде өңір елдерінің экономикасын дамыту үшін логистикалық фактордың өзектілігін атап көрсетіп, "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі бойынша жүктерді (тауарларды) тасымалдауды дамыту шеңберінде ынтымақтастықты арттыруға дайын екендігін білдірді.

Тараптар логистика саласында, атап айтқанда, теңіз порты аймақтары саласында қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді қолдануда тәжірибе алмасып отыруға уағдаласты.

Мұхаммед Жұма Әл Шамиси Арзыбек Қожошевтің Абу-Даби порттары тобы мамандарының ЕАЭО елдерінің теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту жөніндегі ЕЭК сараптамалық тобының жұмысына деректерді беру және қағаз жеткізгіштегі құжаттардан бас тарту негізінде "жіксіз" тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қатысу туралы ұсынысын қолдады.

 

Анықтама:


AD Ports Group - БАӘ-нің порт, өнеркәсіп және логистика операторы, әлемнің көптеген жерінде ірі кәсіпорындардың кең қоржынын иеленген ең ірі холдингтік компаниясы. AD Ports Group басшылығы аясында БАӘ-нің он порты мен терминалы орналасқан.