Арзыбек Кожошев ресейлік "Көлік апталығына" қатысты

Ресей Федерациясының Көлік министрі Виталий Савельевтің шақыруы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев 14-17 қарашада Мәскеуде өткен Ресей "Көлік апталығының" іс-шараларына қатысты.

ЕЭК министрі "Еуразиялық көлік дәліздерінің жоларналарында логистикалық инфрақұрылым мен сервистерді дамыту" дөңгелек үстелінде баяндама жасап, оның барысында Еуразиялық экономикалық одақта көлік саласын дамытудың неғұрлым өзекті мәселелері мен интеграция перспективаларын қозғады.

Сөз сөйлеу кезінде ол инфрақұрылымдық дамудың интеграциялық аспектілеріне және еуразиялық көлік дәліздерінің жобаларын іске асыруға және тиімді жұмыс істеуіне тікелей ықпал ететін түйінді құжаттармен жұмыс істеу туралы ерекшелеп айтты.

"Ағымдағы әлемдік жағдаят бізге көлік қызметтерін көрсету мен логистиканың ортақ нарығының рөлі мен құндылығы күшейтілетін көлік жүйесін дамытудың басым бағыттарына басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді", – деп атап көрсетті Арзыбек Кожошев.

Ол сондай-ақ Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттары, Одақ елдері іске асыратын көлік саласындағы инфрақұрылымдық жобалар, шын мәнінде, тауар ағынының пайда болу пунктінен өткізу нарығына немесе тұтынушыға дейінгі жалпы логистикалық жеткізу тізбегінің буындары болып табылатынын атап өтті.

Арзыбек Кожошев сөзінің соңында "Одақ шеңберіндегі транзиттік әлеуеттің синергиясына және біздің елдеріміздің ұлттық транзиттік әлеуетіне қол жеткізу трансшекаралық және жаһандық нарықтарда бірге жұмыс істеген жағдайда ғана мүмкін болатынына" назар аударды.


Анықтама

Ресей Федерациясының көлік апталығы 16 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Ұйымдастырушы – Ресей Федерациясының Көлік министрлігі. Түйінді оқиға – Халықаралық форум және "Ресей көлігі" көрмесі.

Іс-шаралардың міндеті - Ресейдің әлемдік экономикадағы позициясын нығайтуға ықпал ететін, ел экономикасы мен оның аумағының байланыстылығын қамтамасыз ететін шешімдерді іздеу.

Іс-шаралар аудиториясын Ресей көлігін ішкі жағынан білетін және оның болашағы үшін жауапкершілікті бөлісетін мамандар құрайды.