Арзыбек Кожошев GEIDCO басшылығымен кездесу өткізді

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Жаһандық энергетикалық бірлестіктің даму және кооперация жөніндегі ұйымының (GEIDCO) энергетика саласындағы ынтымақтастығы ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен GEIDCO өкілетті директоры – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшысы Чен Чжицзянның Нью-Йоркте Орнықты даму – 2026 жөніндегі жоғары деңгейлі саяси форум аясында өткен жұмыс кездесуінде талқыланды.

Тараптар таза энергия көздерін дамыту, орнықты энергетика моделіне көшу және төмен көміртекті даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы бұдан арғы ынтымақтастық бағыттарын, сондай-ақ тиісті тренингтер өткізу арқылы жаңартылатын энергетика саласындағы мамандарды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, консультациялық көмек көрсету мәселелерін талқылады.

ЕЭК пен GEIDCO энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.