Арзыбек Кожошев ЕАЭО-ның 10 жыл бойы жұмыс істеп тұрғандығы жайында айтты
11.03.2025
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеп тұруының 10 жылдығына арналған халықаралық пікірсайысқа қатысушылар алдында бейнеүндеу форматында сөз сөйледі. Қатысушылар талқылауының негізгі нысанасы қол жеткен табыстар мен Одақ тап болған сыни шақырыстар жайына шоғырланды.
"Бірқатар фактор мен бұлардың теріс салдары Одақ үшін сыртқы сыни шақырыстарға айналды. Мұны ЖІӨ-нің көрсетілген кезеңде шамамен 50% өсуі — 1,6 трлн АҚШ долларынан 2,4 трлн АҚШ долларына дейін артуы айғақтайды. Бұл ретте өзара сауда екі есе артып, шамамен 90 млрд АҚШ долларын құрады, ал оның ЕАЭО сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі үлесі 18,2%-ға дейін өсті", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев.
Министр ЕАЭО азаматтары үшін білім беру, медициналық көмек, зейнетақы тағайындау мен төлеу саласындағы неғұрлым қолайлы жағдайлар туралы хабарлады. Одақ құқығында тауарлардың еркін қозғалысын және мемлекеттік сатыпалымға тең қол жеткізуді көздейтін бизнес-қоғамдастықтың артықшылықтары баса көрсетілген.
Сондай-ақ, ЕЭК министрі бүгінгі таңда мұнай, газ және электр энергиясының ортақ нарығы мәселелері ілгерілеп келе жатқанын, бұл энергия ресурстарының қолжетімділігі мен ЕАЭО елдерінің дамуын қамтамасыз ететінін атап көрсетті. "Солтүстік — Оңтүстік" көлік дәлізі және "Бір белдеу, бір жол" жобасы бойынша Қытаймен ынтымақтастық сияқты жаңа көлік дәліздерінің жеткізілімдерін әртараптандыру және әлеуетін арттыру міндеттері шешілу үстінде.