Жаңалықтар

16.05.2025

Арзыбек Кожошев: "Көлік пен логистика — орнықты Еуразиялық интеграцияның түйінді элементтері"

Дубайда (БАӘ) өткен 12-ші Жаһандық логистикалық конференцияның пленарлық сессиясы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев баяндама жасап, онда Еуразиялық экономикалық одақтың көлік-логистикалық кеңістігін дамытудың басымдықтарын айқындап көрсетіп берді.

Министр жаһандық экономикадағы өзгерістер аясында орнықты логистикалық тізбектер, инфрақұрылымның ұштасуы және көлік саласының цифрлық трансформациясы ерекше маңызға ие болып отырғанын атап көрсетті. Бұл бағыттар Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды әлемдік нарықтарға интеграциялау үшін негіз болады.

"Бүгінде, бұрынғы қай кездегіден де, келісілген шешімдер мен инфрақұрылымға инвестициялар қажет. Тиімді, жіксіз және цифрлық логистикалық маршруттарды қалыптастыру — ЕАЭО үшін де, біздің әріптестеріміз үшін де басымдық", — деп атап өтті министр.
Арзыбек Қожошев сондай-ақ ЕЭК-тің көлік және логистика саласындағы жүргізіліп жатқан жұмысы, сондай-ақ ЕАЭО-ның институционалдық бастамалары: электрондық көлік жүкқұжаттарын (e-CMR) ендіру, интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру туралы ақпаратты ұсынды.

"Көлік және логистика — қазіргі әлемнің даму драйвері. Бұлардың сенімділігіне жеткізілімдердің жылдамдығы ғана емес, экономиканың орнықтылығы, азық-түлік және өнеркәсіптік қауіпсіздік, елдер арасындағы сенім де байланысты", — деп атап көрсетті Арзыбек Қожошев.

Министр әріптестермен жаһандық логистикалық архитектураны нығайтуға бағытталған диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.