17 шілдеде Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Ең аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер бойынша жоғары өкілі Рабаб Фатима ханыммен кездесті.
Арзыбек Қожошев Жоғары өкіл кеңсесінің мемлекеттердің осал топтарының мүддесі үшін жүзеге асырып жатқан белсенді әрі дәйекті қызметі үшін алғысын айтты, сондай-ақ БҰҰ-ның көлік байланысы саласындағы халықаралық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар тұрақты көлікті дамытудың, өңірлік интеграцияның және теңізге шыға алмайтын елдер үшін сауда-экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтудің маңызды мәселелерін талқылады. Министр ЕЭК-тің бірыңғай көлік кеңістігін құру, инфрақұрылымдық және әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ логистиканың цифрлық трансформациясы мәселелеріне баса мән беретінін атап өтті.
Кездесу соңында Арзыбек Қожошев осы пікір алмасудың ЕЭК пен Жоғары өкіл кеңсесі арасындағы ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықтың негізі болатынына үмітті екенін айтты.
БҰҰ-ның Ең аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер бойынша жоғары өкілінің кеңсесін 2001 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде және халықаралық міндеттемелерді орындауда бірегей проблемаларға тап болған бірқатар осал мемлекеттерді қолдау мақсатында құрған болатын.