Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш спикері Марлен Маматалиевпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар ЕАЭО энергоресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру, еуразиялық кеңістіктегі халықаралық көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ Ресей Федерациясында көші-қон заңнамасы саласында реформалар жүргізу мәселелерін талқылады.
Арзыбек Қожошев Ортақ электр энергетикасы нарығын, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы және Одақтың 2030 жылға дейін ортақ газ нарығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ Одақ аясында энергетикалық жүйелердің тұрақтылығын нығайтуға және төмен көміртекті дамуды ілгерілетуге бағытталған баламалы энергия көздері және атом энергетикасын дамыту саласындағы мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелерін кешенді пысықтау туралы ақпарат берді.
Марлен Маматалиев Комиссия жүргізіп жатқан жұмыстың жоғары маңыздылығын атап өтіп, энергия нарықтарын қалыптастыру және олардың Қырғыз Республикасы үшін ғана емес, ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер үшін маңыздылығына байланысты өзара қолайлы шешімдерді іздеу бойынша сезімтал мәселелерді талқылаулардың жалғасатынына сенім білдірді.
Қырғыз Республикасында өңірлік және интеграциялық маңызы бар ірі көліктік-логистикалық және энергетикалық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
ЕЭК Министрі сондай-ақ көлік саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті және Жогорку Кенешке, оның ішінде спикерге, еуразиялық көлік дәліздеріне енгізілген ЕАЭО мемлекеттерінің автомобиль жолдарымен жүретін көлік құралдарының рұқсат етілген массалары, осьтік жүктемелері және габариттері жөніндегі келісімді ратификациялау рәсімдерін жедел аяқтағаны үшін алғысын айтты. Жақын арада Одақтың ішкі нарығындағы шектеулердің бірін – көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлеріне қойылатын талаптардың сәйкессіздігін жоюға бағытталған келісімнің күшіне енуі күтілуде.
Комиссия Еуразиялық экономикалық одақ аясында энергетика және инфрақұрылым саласындағы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын іске асыру жөніндегі жол картасын орындау бойынша алдағы қадамдарды белгіледі.
Осы шаралардың барлығы ЕАЭО аясындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді және әлемдегі геосаяси тұрақсыздығы жағдайында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қызмет етеді.