Асқар Жаппарқұлов ЭЖМ ҒЗУ тыңдаушыларына ЕАЭО-дағы келісілген макроэкономикалық саясатты іске асыру жайында айтты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Асқар Жаппарқұловтың "Экономика жоғары мектебі" ҒЗУ (ЭЖМ ҒЗУ) тыңдаушыларымен 29 ақпанда болып өткен кездесуінің негізгі тақырыбы — Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу қағидаттары, келісілген макроэкономикалық саясатты іске асыру, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктің экономикалық дамуының негізгі бағыттары жайында болды.

ЕАЭО туралы шартты практикалық іске асыру туралы айта келіп, Асқар Жаппарқұлов "Комиссияда Одақ мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерін сақтауға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру бөлігінде айтарлықтай тәжірибе жинақталды" деп атап өтті.

Ол өз сөзін уәкілетті органдар мен Комиссия әзірлейтін ұсынымдар мен бірлескен шаралар бюджеттік және борыштық орнықтылықты қамтамасыз етуге, инфляциялық процестерді төмендетуге ықпал етті және Одақтағы экономикалық тұрақтылыққа оң әсерін тигізді деп толықтырды.

ЭЖМ ҒЗУ студенттері мен түлектері үшін Комиссиядағы мансаптық мүмкіндіктер туралы айта келіп, Асқар Жаппарқұлов "Комиссия макроэкономика саласындағы жас және перспективалы мамандарды күтуде. Халықаралық ұйымдағы жұмыс өзінің теориялық білімін макроэкономикада қолдануға ғана емес, сонымен қатар көпұлтты және көпмәдениетті ортадағы коммуникацияның бірегей тәжірибесін алуға, ЕАЭО дамуының түйінді мәселелерін шешу үшін экономикалық дипломатия құралдарын практикада қолдануға мүмкіндік береді", — деп атап көрсетті.