Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.


"Сіздің басшылығыңызбен Республикада халықтың әл-ауқатын және мемлекеттің әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған кешенді саяси және экономикалық реформалар іске қосылды. Қазақстан өңірдегі тұрақтылық пен прогресстің үлгісі болып табылады, еуразиялық және әлемдік интеграциялық үдерістердің дамуына қомақты үлес қосып келеді", – деп Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтау хатында атап өтті.


ЕЭК Алқасының Төрағасы Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бақ-береке, Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық жоспарлар мен бастамалардың табысты іске асуын тіледі.