Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
"Сіз ұсынған реформалар мен идеяларды ойдағыдай іске асырудың арқасында Қазақстан қазіргі заманғы экономикасы бар әлемдегі беделді мемлекеттің біріне айналды. Оның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі рөлі мен ықпалы ұдайы өсіп келеді", — делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, құт-береке және Қазақстан Республикасы мен оның азаматтарының игілігі жолында жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі.