Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
21.09.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Никол Пашинянды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Өткен жылдар ішінде Армения мемлекеттік құрылыстың үлкен жолынан өтті, лайықты халықаралық беделге ие болды. ЕАЭО артықшылықтарын пайдалану, бірлескен жобаларды іске асыру елдің орнықты экономикалық дамуына ықпал етеді", – делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Армения мен оның азаматтарына өркендеу мен құт-береке тіледі.