Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Бақытжан Сағынтаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бақытжан Сағынтаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
31.08.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Садыр Жапаровты және бүкіл қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Қырғызстанның егемендік кезеңі экономика секторларын жаңғыртуға, цифрлық инфрақұрылымды өрістетуге, елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға бағытталған ауқымды құрылымдық реформалармен ерекшеленді", — делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қырғыз Республикасы мен оның азаматтарына құт-береке және өркендеу тіледі.