Бақытжан Сағынтаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады
07.10.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Владимир Путинді туған күнімен құттықтады.
ЕЭК Алқасының басшысы Комиссия атынан және жеке өз атынан Владимир Путинге мықты денсаулық, құт-береке және Ресей халқының игілігіне арналған жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі."Сіз Еуразиялық экономикалық одақты құрудың бастауында тұрдыңыз және оның дамуына үлкен жеке үлесіңізді қосуды жалғастырып келесіз. Сіз ел басшысы мәртебесіндегі қызметіңізде ЕАЭО мемлекеттерінің сындарлы экономикалық ынтымақтастығына алдағы уақытта да жәрдемдесе беретініңізге сенімдімін", – делінген құттықтау хатта.