Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 31 тамыз — 1 қыркүйек аралығында Бішкекте өткен "ШЫҰ плюс" саммитіне қатысты.


Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдарды басқарушылар экономикалық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын қарастырды. Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың стратегиялық векторлары айқындалды және жаңа бірлескен бастамалар келісілді.

Талқылаудың басты тақырыбы "ШЫҰ-ның 25 жылдығы: бәріміз бірге орнықты бейбітшілікке, даму мен өркендеуге қарай" ұранымен 25 жылдық мерейтойға орайластырылған бірлестікті жаңғырту болды.

Саммитке қатысушылар төлем жүйелері мен инвестициялық платформаларды жетілдіру, экономика мен мемлекеттік басқаруда цифрлық стандарттар мен жаңа технологияларды ендіру мәселелерін талқылады.

Орталық Азиядағы транзиттік дәліздерді дамытуға және көліктің өзара байланыстылығын арттыруға айрықша назар аударылды.

Еуразиялық экономикалық одақтің және Шанхай ынтымақтастық ұйымының елдері Еуразиялық кеңістіктің өзегін қалыптастыруда. Олардың өзара іс-қимылы көбінесе өңірдің бұдан арғы даму векторын айқындайды. ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы тиісті меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Бішкек декларациясын қабылдады. Құжат ШЫҰ шеңберінде, соның ішінде қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, ірі көпжақты жобаларды практикалық іске асыруға көшуді көздейді.

ШЫҰ он мүше мемлекетті — Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерін біріктіреді. Сондай-ақ, Бішкектегі кездесуге диалог бойынша әріптес мемлекеттердің басшылары мен байқаушылар, мүдделі тараптар, бірқатар халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің атқарушы органдары шақырылды.

ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға 2021 жылы қол қойылды.