Бақыт Сұлтанов ЕАЭО шеңберінде бизнесті дамытудың түйінді векторларын айқындап көрсетті

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының алаңында өткен "Көпір саламыз: шекарасыз әріптестік" деп аталған XI Мәскеу халықаралық қаржы-экономикалық форумына қатысты.


Пленарлық отырыста Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың практикалық аспектілері мен кәсіпкерлікті қолдау механизмдері жайында айтып берді.

"Комиссия ЕАЭО Іскерлік кеңесімен белсенді ынтымақтастық жасайды. ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі блогы іскер топтармен өзара іс-қимылдың "бірыңғай терезесі" болып айқындалған. Біздің ортақ мақсатымыз – экономикалық интеграцияны тереңдету есебінен Еуразиялық кеңістікте бизнесті жүргізу және дамыту үшін ең жақсы жағдайларды қалыптастыру", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. 

2025 жылы Комиссия қараған мәселелер саны 2024 жылмен салыстырғанда 27% өсті. Бизнес-қоғамдастықтың шешілген мәселелерінің үлесі 26%-ға жетті. Бұл ретте бизнеске мәселенің мейлінше көп бөлігі бойынша (66%), соның ішінде болулы проблемаларды шешудің ықтимал жолдары туралы тәмамды түсініктеме берілді.

Кәсіпкерлер ЕЭК-ке реттеушілік өкілеттіктер берілген салаларға: кедендік әкімшілік жүргізуге (19,9%), техникалық реттеуге (12,8%), сыртқы сауданы реттеуге (10,2%) мейлінше көп қызығушылық танытады. 

"ЕАЭО елдері арасындағы тауарлардың өзара сауда көлемі 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 9% өсті. Ұлттық валютадағы есеп айырысу үлесі 93%-ға жетті. Бұл цифрлардың сыртында біздің интеграциялық жобамыздың сұранысты екенін нақты растау тұр", — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. 

ЕЭК министрі өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмі туралы да айтты. Қазірдің өзінде осындай үш жобаны қолдау туралы шешім қабылданды, олардың – екеуі Ресейде және біреуі Қазақстанда.

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, Комиссия бизнес-қоғамдастықты тарту құралдарын теңгерімделген Еуразиялық реттеуді қалыптастыруға ғана белсенді пайдаланып қоймай, сонымен бірге, оларды дамытуда. Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалаудың (РӘБ) дәстүрлі рәсімінен бөлек, жаңа құралдар – ЕЭК қабылдаған шешімдердің нақты әсерін бағалау (НӘБ), ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттар жобаларының РӘБ рәсімі ендірілуде, Қазақстанның НӘБ-ті халықаралық шарттарға қолдану жөніндегі бастамасын пысықтау басталды.

Сөзінің соңында министр ЕЭК-тің ортақ қаржы нарығын және ЕАЭО көрсетілетін қызметтерінің бірыңғай нарығын құру үшін мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру, сондай-ақ үшінші елдермен сауда жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жүргізіп жатқан бірлескен жұмысы туралы айтып берді.