Бақыт Сұлтанов Ресей Орталық Банкінің Төрағасы Эльвира Набиуллинамен келіссөздер жүргізді

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов 2 шілдеде Санкт-Петербургте Ресей банкінің Қаржы конгресінің алаңында Ресей Федерациясы Орталық Банкінің Төрағасы Эльвира Набиуллинамен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын үйлестіру және одан әрі қалыптастыру тәсілдерін талқылады, ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық бағыт» декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасының проблемалық тұстарын қарастырды.

Сонымен қатар, сапар аясында Бақыт Сұлтановтың Ресей Федерациясы Орталық Банкі Төрағасының орынбасары Ольга Поляковамен ортақ қаржы нарығын қалыптастыру және үйлестіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

«Ортақ қаржы нарығын қалыптастыру – ЕАЭО-ның стратегиялық міндеттерінің бірі. Осы саладағы тәсілдерді үйлестіру бізге бірыңғай, ашық және сенімді қаржы кеңістігін құруға мүмкіндік береді, бұл инвестициялар үшін сөзсіз қарымды ынталандыру болады, Одаққа қатысушы барлық елдердің экономикалық дамуы үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ЕЭК министрі.

Конгресс дәстүрлі түрде Ресей Банкі басшылығының, Ресейдің жетекші қаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері арасындағы бизнес-диалогтардың жетекші алаңы болып табылады. Қатысушылар қаржы нарығын реттеу, оның цифрлық инфрақұрылымдарын дамыту, биржалық кеңістік пен төлем жүйелерінің жай-күйі мен перспективалары мәселелерін талқылайды.

«Ресей Банкінің Қаржы конгресі сияқты алаңдар маңызды диалогты дамыту және қазіргі қаржы ортасының түйінді үрдістері мен сын-қатерлерін талқылау үшін маңызы зор, қатысушыларға ЕАЭО-ның барлық елдерінің қаржы секторының тұрақтылығы мен орнықты дамуына бағытталған тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.