Бақыт Сұлтанов: "ЕАЭО-да бес жыл ішінде 53 миллионға жуық контрафактілік тауар алып қойылды"
06.10.2025
2020-2024 жылдар аралығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары 53 миллион контрафактілік өнім айналымының жолын кесті. Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов 6-7 қазанда Минскіде болған "Антиконтрафакт-2025" XIII халықаралық форумының пленарлық отырысында осындай дерек келтірді

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, контрафактілік тауарлардың Еуразиялық нарықта таралуына қарсы іс-қимыл бизнесті дамытудың, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудың түйінді факторы болып қала береді.

Биыл Комиссия ЕАЭО мемлекеттеріндегі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы құқық қолдану практикасының 2024 жылғы жай-күйі туралы кезекті есеп дайындады.

"2024 жылы Одақ елдерінде 6,6 млн контрафактілік өнім айналымының жолы кесілді, бұл бұрнағы жылдың көрсеткішінен 15% артық", — деді ЕЭК министрі.

Бақыт Сұлтанов өз сөзінде жасанды интеллекттің контрафактілік өнімнің таралуының жолын кесуге мүмкіндік беретін қызметтегі өскелең рөлін атап өтті.

"Бұл ұсыныс тұтынушыға қолжетімді болмай тұрып-ақ контрафактілік тауарды анықтауға мүмкіндік беретін маркетплейстерде тауарларды сату туралы ұсыныстар мониторингі құралдарын пайдалану мұның жарқын мысалы бола алады", — деп атап өтті ЕЭК министрі.

"Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау шеңберінде ЕАЭО мемлекеттері жасанды интеллект құрған зияткерлік меншік объектілері үшін құқықтық қорғауды бекіту мүмкіндігін қарастырады. Осымен қатарлас, халықаралық тәжірибе негізінде мұндай объектілерге, соның ішінде Интернетте құқықтарды қорғау және сақтау бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ЕАЭО-ның географиялық нұсқауларын тіркеу жүйесін құрудың орындылығы туралы мәселені пысықтау жоспарлануда.

"Антиконтрафакт-2025" форумының практикалық қорытындысы он үш тақырыптық сессия жұмысының қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар болады. Бұл ұсыныстар бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі нығайту үшін құқық иеленушілердің, бизнестің және ЕАЭО елдерінің заң шығарушы органдарының пайдалануына арналған.

 

"Антиконтрафакт" форумы — билік өкілдерінің, бизнестің, құқық иеленушілердің, өндірушілердің, авторлардың және жұртшылықтың диалогы үшін арналған ең ірі халықаралық алаң, мұнда, ең алдымен ЕАЭО елдеріндегі, контрафактілік өнімнің таралуына қарсы күрестің тиімділігін арттыру, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар талқыланады және әзірленеді.