Жаңалықтар

28.06.2022

Бақытжан Сағынтаев: «Бизнестің шоғырландырылған ұстанымын ЕЭК-тің жедел алуы өте-мөте маңызды»

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев пен Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының (РӨКО) президенті Александр Шохиннің жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның ресейлік бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылының өзекті бағыттары, сондай-ақ ағымдағы экономикалық жағдаят ахуалындағы кәсіпкерлердің проблемалары талқыланды.

«Бизнес-қоғамдастықтың шоғырландырылған ұстанымын Комиссияның жедел алуы бізге ұлтүсті реттеуді жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау кезінде Одақ елдері іскер топтарының пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Сондықтан осындай екіжақты кездесулерді өткізу өте қажет, тікелей диалог шеңберінде ұсыныстармен бөлісуге және кәсіпкерлерді қызықтыратын мәселелерді талқылауға болады», — деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев.
Бақытжан Сағынтаев көп жылғы тиімді бірлескен жұмысы үшін РӨКО-ға алғысын білдірді, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін артық талаптар мен шектеулердің елдік бояуы жоқ екенін, осыған байланысты ұлтүсті реттеуді жетілдіру шеңберінде оларды жою жөніндегі жұмыс Одақтың барлық елінде бизнес жүргізу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Анықтама

РӨКО ЕАЭО Іскерлік кеңесіндегі Ресей тарапының үйлестірушісі болып табылады, сондай-ақ ЕАЭО Іскерлік кеңесі хатшылығының функцияларын орындайды.

ЕАЭО Іскерлік кеңесі — Одаққа мүше мемлекеттердің іскер топтарының тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші-кеңесші органы.

ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес — Комиссияның құзыреті салаларында кәсіпкерлік қызметті дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындау, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің форумдарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылын және диалогын қамтамасыз ететін консультативтік орган.