Жаңалықтар

20.09.2024

Бақытжан Сағынтаев: ЕЭК БҰҰ-мен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі

20 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуамен келіссөздер жүргізді.

Ли Цзюньхуамен әңгімелесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Атап айтқанда, тараптар ЕАЭО-ның БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы байқаушы мәртебесін алу жөніндегі жұмысты жандандыру мүмкіндігін талқылады.

«Біздің осы бағыттағы бірлескен жұмысымызды жүйелеу үшін қажетті күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз, – деп атап өтті, Бақытжан Сағынтаев. «Бүгінгі келіссөздер біздің диалогты нығайтуға және байланыстарды кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін».

ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО қызметінің негізгі қорытындылары туралы айтып, ол құрылған сәттен бастап көптеген макроэкономикалық көрсеткіштер жөніндегі оң динамиканы атап өтті.

Комиссияның БҰҰ құрылымдарымен (БҰҰ ЕЭК, ЭСКАТО және ЭКЛАК), сондай-ақ мамандандырылған мекемелермен (ФАО, ЮНИДО, ДЗМҰ, ХКҰ, ЮНКТАД және басқалар) өзара іс-қимылы туралы айта отырып, Бақытжан Сағынтаев, ЕЭК Тұрақты даму саласындағы БҰҰ күн тәртібіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шартта және басқа да іргелі құжаттарда БҰҰ-ның барлық 17 тұрақты даму мақсаты (ТДМ), сондай-ақ оларға қол жеткізу үшін 169 негізгі міндеттің 108-і қамтылған.

Комиссия БҰҰ алаңында және оның өңірлік комиссияларында ТДМ-2030 күн тәртібін белсенді түрде ілгерілетуде, сондай-ақ ЕАЭО-ны халықаралық аренада сенімді серіктес ретінде орналастыру үшін Тұрақты даму жөніндегі саяси форумның алаңын дәстүрлі түрде пайдаланады.

Өз кезегінде Ли Цзюньхуа ЕАЭО-ның өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымдары арасында атқаратын маңызды рөлін атап өтіп, осы өткен кездесудің ЕЭК пен БҰҰ ынтымақтастығына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.