Жаңалықтар

12.02.2024

Бақытжан Сағынтаев пен Армения Президенті Ваагн Хачатурян ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің дамуын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ереванға жұмыс сапары аясында Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізді.

Ваагн Хачатурян Бақытжан Сағынтаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған жаңа лауазымында жемісті жұмыс тіледі.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада одан әрі дамытуды талқылап, ЕАЭО-ға төрағалық ету құқығымен Армения басшылығы белгілеген бастамаларды іске асыру бойынша ЕЭК жұмысының басым бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Атап айтқанда, ЕАЭО елдерінің энергетикалық қауіпсіздік саласындағы, жоғары технологияларды дамытудағы, көлік логистикасы мен басқа да бағыттардағы ынтымақтастығын ынталандырудың маңыздылығы атап өтілді.

Бақытжан Сағынтаев пен Ваагн Хачатурян ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымын ұлғайту және экономикалық байланыстарды пропорционалды дамыту, сондай-ақ қазіргі байланыстарды тереңдету және іскер топтар арасында жаңа байланыстар орнату қажеттігін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар еуразиялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-әрекеттерді келісімге алу мақсатында жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Анықтама

Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылдады. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және комиссия Кеңесінде төрағалық етуді бір мүше мемлекет күнтізбелік бір жыл ішінде ұзарту құқығынсыз ротациялық негізде орыс әліпбиі тәртібімен жүзеге асырады.