Бақытжан Сағынтаев Адылбек Касымалиевты мерейтойымен құттықтады
01.12.2025

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі Адылбек Касымалиевты 65 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

"Сіз Қырғызстан экономикасының қарышты дамуына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық байланысты нығайтуға зор үлес қосып келесіз", — делінген құттықтау хатта. 

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Адылбек Касымалиевқа мықты денсаулық, көп жақсылық және Қырғыз Республикасы мен оның халқының игілігіне арналған барлық жоспарының іске асырыла беруін тіледі.