Бақытжан Сағынтаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Александр Лукашенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бақытжан Сағынтаев егемендік жылдарында Беларусь мемлекеттік құрылыста және экономиканы дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін, халықаралық аренада елеулі беделге ие болғанын, Еуразиялық интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болып отырғанын атап өтті.

 

ЕЭК Алқасының басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Беларусь Республикасына өркендеу, ал оның азаматтарына құт-береке және жақсылық тіледі.