Бақытжан Сағынтаев Александр Турчинді туған күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Премьер-министрі, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі Александр Турчинді туған күнімен құттықтады.

Бақытжан Сағынтаев Беларусь Үкіметі басшысының Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытуға және ЕАЭО мемлекеттерінің өзара іс-қимылын нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев Комиссия атынан және жеке өз атынан Александр Турчинге мықты денсаулық, құт-береке және Беларусь Республикасы мен оның азаматтарының игілігі жолындағы барлық жоспары іске асырыла беруін тіледі.