Бақытжан Сағынтаев Али Хаменеиді туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеиді туған күнімен құттықтады.

"ЕАЭО елдері Иран Ислам Республикасымен өзара құрмет пен экономикалық пайдаға негізделген ынтымақтастықты дамытудың оң серпінін жоғары бағалайды", — делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Али Хаменеиге мықты денсаулық, Иранның және оның азаматтарының игілігі үшін белгіленген барлық жоспарлардың іске асуын тіледі.