Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ерлан Қаринді Қазақстан Республикасының Вице-президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
"Сіздің жаңа лауазымдағы қызметіңіз ел экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды міндеттер мен реформаларды іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін", – делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Ерлан Қаринге Қазақстан Республикасы мен оның азаматтарының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жете беруді тіледі.
Вице-президент институты 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді. Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Мемлекет басшысы атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.