Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанда елдің экономикалық прогресс жолында сенімді алға жылжуына ықпал ететін тиімді реформалар іске асырылуда. Республика өңірлік және жалпы әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады, Еуразиялық экономикалық диалогтың белсенді қатысушысы болып табылады", – делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа мықты денсаулық, барлық бастамаларын іске асыруды, ал Қазақстанға құт-береке және өркендеу тіледі.