Бакытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
25.10.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевты және бүкіл Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады.

"Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанда экономиканы жаңғырту және саяси жүйені реформалау процесі жүріп жатыр. Ел өңірдегі тұрақтылық пен прогрестің үлгісі болып табылады, халықаралық аренада лайықты беделге ие, Еуразиялық интеграциялық процестердің дамуына елеулі үлес қосып келеді", — делінген құттықтау хатта.

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа мықты денсаулық, барлық бастамалары мен реформаларын ойдағыдай іске асыруды, ал Қазақстан мен оның азаматтарына — өркендеу және құт-береке тіледі.