Бақытжан Сағынтаев Мигель Диас-Канель Бермудесті Ұлттық көтеріліс күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет – Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудесті және бүкіл куба халқын Ұлттық көтеріліс күнімен құттықтады.

«Бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ЕАЭО мен Куба елдерінің ынтымақтастығы халқымыздың мүддесі үшін тұрақты түрде нығайып келеді», – делінген Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хатында.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Комиссия атынан және жеке өз атынан Куба Республикасына тұрақты экономикалық даму, ал оның халқына амандық пен бақ-береке тіледі.